ҚР Мемлекеттік хатшысы Жаһандық әйелдер саммиті аясында кездесулер өткізді

Варшавада еліміздің Мемлекеттік хатшысының жұмыс сапары жалғасуда.

75 елден келген делегаттардың басын қосқан Жаһандық әйелдер саммиті аясында Гүлшара Әбдіқалықова Польша Президенті Кеңсесінің басшысы Малгожата Садурскаямен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайту туралы сөз қозғады. Кездесу барысында Кеңсе жетекшісі Қазақстанның Мемлекеттік хатшысының жасаған іс-сапары Польша үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл күні Гүлшара Әбдіқалықова Польша Республикасының Отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат жөніндегі министрі Эльжбета Рафальскаямен де кездесіп, қос тарап әлеуметтік қорғау саласы мен гендерлік саясат бойынша тәжірибе алмасу қажеттігін айтты.

24.kz


Возврат к списку

© Copyright Ассоциация деловых женщин Казахстана
Яндекс.Метрика