Әлеуметтік қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу бойынша

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Өткізу күні: 30 мамыр 2015 жыл

Өткізу орны: 4 мкр-н, жатақханалар 29А, 29б

Ұйымдастырушылар: «Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығы 30 мамыр 2015 жылы сағат 16:30-да 4 мкр-н, 29А, 29б жатақханаларында тұратын мүгедек, жетім, көпбалалы және аз камсыздандырылған жанұядан шыққан балаларға әлеуметтік қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді.

Бұл жәрмеңкені Іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды. Тамшыдай болса да көмекке зәру көпбалалы және аз камсыздандырылған жанұялар елімізде өкінішке орай аз емес.Сол себептен   бұл жәрмеңкеде киім, сыртқы киім, балаларға арналған заттар, ойыншықтар,  ұсынылады.

© Copyright Ассоциация деловых женщин Казахстана
Яндекс.Метрика